433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй алушылар 30 желтоқсанға дейін анықталады

  • 200
  • UPD: 17:34, 10.12.2020
Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй алушылар 30 желтоқсанға дейін анықталады Inbusiness.kz

1-6 желтоқсан аралығында жастарға жалға берілетін тұрғын үйге 5 мыңнан астам өтініш түсті.

Оның ішінде түзетуге жіберілген 1432 өтінім пысықталды. Бұдан бөлек 878-і түзету сатысында, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан Тұрғын үй қоры.

Айта кету керек, түзету құжаттар пакетін толық толтырмаған өтініш берушілерге керек болды. Олар SMS хабарлама алды. Өтініш берушілер ақпаратты жеке кабинеті арқылы 12 желтоқсанға дейін толықтыра алады.

Жалпы, құжаттарды қабылдау кезінде 5463 өтініш келіп түсті, оның 1507-сі қабылданбады.

Жастарға арналған сатып алу құқығынсыз бағдарламасы бойынша баспана алушылар 30 желтоқсанға дейін анықталады. Олардың есімдері zhilfond.kz сайтында жарияланады.

Еске салайық, бағдарламаның талаптарына сәйкес, соңғы екі жылда меншік құқығында тұрғын үйі жоқ, 29 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары осы бағыт бойынша жалға берілетін тұрғын үй алуға өтініш бере алады. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылар мен балалардың мүлкі болмауы керек. Соңғы екі жылда үзіліссіз тұрақты тіркеуде тұруы қажет.

Сондай-ақ, өтініш берушілердің ресми кірісі 40 АЕК немесе соңғы алты айда 111 120 теңгені құрауы керек.

Бағдарлама бойынша барлығы бір бөлмелі 350 жалдамалы пәтер беру жоспарланып отыр. Үйлер Р.Қошқарбаев даңғылы мен Қордай даңғылының қиылысында, сондай-ақ Абылай хан және Б.Момышұлы даңғылында орналасқан. Тұрғын үйдің ауданы 31-ден 47 шаршы метрге дейін. Ай сайынғы жалдау ақысы 5000-нан 15000 теңгеге дейін болады. Жалға алу мерзімі – бес жыл.

Осы бағдарламаға қатысты барлық сұрақтар бойынша 109 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Хабар 24 телеарнасы