425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда «Боран» ғарыш кемесінің тағдыры сотта шешілуде

  • 219
  • UPD: 21:45, 10.12.2020
Алматыда «Боран» ғарыш кемесінің тағдыры сотта шешілуде

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Байқоңыр» зымыран-ғарыш компаниясына қатысты істі қайта қарап жатыр.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бұл компанияны таратып, жарғылық капиталдағы барлық мүлкін қайтаруды талап етуде. Комитеттің тағы бір талабы зымыран-ғарыш компаниясының құрылтайшылары мен директорлар кеңесінің екі қызметкерінің акцияларын қайтарып алу туралы шешімін заңсыз деп тануды сұрап отыр. Бұл іске қатысты сот ісі былтыр бірінші қазанда басталған. Бірақ кейіннен тараптардың дайын болмауына байланысты және пандемияның салдарынан сот отырысы шегерілген еді. Бұл мәселеге деген қызығушылық Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозиннің 15 қарашадағы Twitter-дегі жазбасынан кейін қайта басталды. Ол: «Боран» ғарыш кемесінің нақты кімге тиесілі екенін біле алмай отырмын», – деп жазған еді. Дмитрий Рогозин «Боран» ғарыш кемесін Қазақстаннан сатып алуға ниетті екенін де жеткізген болатын.

Хабар 24 телеарнасы