423,83 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оралда 10 мыңға жуық адам көлік салығын төлеуден жалтарып жүр

  • 284
  • UPD: 09:59, 11.12.2020

Оралда 10 мыңға жуық адам көлік салығын төлемеген.

Олардың берешегін өндіру үшін сала мамандары тәртіп сақшыларымен бірге рейдтік шараларға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді салықтан сытылып кетуді көздеген жүргізушілердің темір тұлпары тәркіленіп жатыр.

Салықтан жалтарған жүргізушілер «Автоураганның» аранынан құтыла алмайды. Цифрлық жүйе айыптылардың көлігін алыстан «таниды».

Асланбек Сатыбалдиев, жол-патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:

- Біздерде, мына автокешеннің ішіндегі компьютер машинаның нөмірін көрсетіп шығарғанда бізоны тоқтатып, машинаны апарып, арнайы тұраққа қоямыз. Сот орындаушыларының қолдарынан келіп түскен материалдар бойынша бәріне шектеу қойылып, солар ұсталады.

Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, шаһарда 9600 адам көлік салығын төлеуге асығатын емес. Жүргізушілердің қарызы 300 млн теңгеден асады. Мамандар берешекті түгелімен жыл соңына дейін жабуға шақырады, себебі бұл қос тарапқа да тиімді.

Нұрлан Жайлыбаев, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

- Егер салық төлеуші салықтың жалпы сомасын өтеген жағдайда өсімпұл сомасы 3 жұмыс күнінің ішінде автоматты түрде есептен шығарылады. Жеке тұлғалар үшін көлік салығын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың аяғына дейін болып табылады.

Жыл басынан бері Оралда 240 темір тұлпар тәркіленген. Көлік иелерінен 344 млн теңге өндірілді. Ескертуді елемей жүрген тұрғындар қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.

Авторлары: Еркебұлан Смадияров, Руслан Ғазезов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы