430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанға мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

  • 178
  • UPD: 11:49, 11.12.2020
Нұр-Сұлтанға мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

10 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, Египет, БАӘ, Түркия, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келді.

1 668 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 530 адам, анықтамасыз 138 адам – ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 886 жолаушы, анықтамамен – 808, анықтамасыз – 78

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 600 жолаушы, анықтамамен – 554, анықтамасыз – 46;

Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келді;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен – 123, анықтамасыз – 12;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 38 жолаушы, анықтамамен – 36, анықтамасыз – 2;

Петропавл қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 4 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 138 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті. Бір күн бұрын, 9 желтоқсанда анықтамасыз келген 115 адамның ПТР сынамалары да теріс нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар Ташкент қаласынан ұшып келген Өзбекстан азаматы COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.

Хабар 24 телеарнасы