419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

  • 139
  • UPD: 16:30, 11.12.2020
ШҚО-дағы коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Шығыс Қазақстан облысында толассыз қар жауып тұрғанына үшінші тәулікке ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты коммуналдық қызмет толықтай күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Өңірде қалың қар түсетіні жайлы төтенше жағдайлар қызметі алдын ала хабарлама таратып, ескерту жасаған болатын. Әзірге барлық бағыттағы жолдар ашық. 2500 шақырымнан астам республикалық маңызы бар жолға жауапты «Қазақавтожол» мекемесі қазір қауырт жұмысқа кіріскен. Қар тазалау техникалары Өскемен – Рахман қайнары, Өскемен – Алматы, Омбы – Майқапшағай сынды бірнеше бағытта жұмыс істеп жатыр.

«Жанармай қоры мен көктайғақта жол үстіне себетін инертті материалдар да жеткілікті», - дейді  мамандар. «Қазгидромет» болжамы бойынша жақын арада қар тоқтайды, дегенмен, келер аптаның соңына қарай қайтадан күн райы бұзылуы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Нұржан Қайсенов, «Қазақавтожол» ЖШС облыстық филиалының бөлім басшысы:

- Әсіресе, «Риддер – Өскемен», «Өскемен – Шемонаиха» бағытында қар көп түсті. «Қазақавтожол» мекемесі тәулік бойы жұмыс істеп, көліктердің тоқтаусыз жүруіне қызмет атқаруда. Күн сайын мекеменің 80 бірлік техникасы жұмыс істеуде.

Хабар 24 телеарнасы