430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда еріктілері зейнеткерлерге ауласын қардан тазартуға көмектесуде

  • 233
  • UPD: 15:54, 11.12.2020
Елорда еріктілері зейнеткерлерге ауласын қардан тазартуға көмектесуде

«30 игі іс» акциясы аясында елордалық штаб еріктілері зейнеткерлер мен ардагерлерге ауласын қардан тазартуға және үй шаруасына көмектесті.

«30 игі іс» акциясы аясында бірқатар іс-шара жоспарланған. Біз зейнеткерлерге, ҰОС, тыл ардагерлеріне, сондай-ақ мүгедектерге көмек көрсетеміз. Азық-түлік себеттерін жеткізуге, ауласын, үй ішін тазартуға көмек көрсетіледі. Бүгінгі акция барысында біз іргелес екі қарт адамның ауласын тазалап жатырмыз. Акция Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орайластырылған», - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы Шыңғыс Тілеулин.

Тұрғындары өз кезегінде жастарға жасаған қолғабыс үшін алғыс білдірді.

«Олар үлкен көмек көрсетуде. Барлық қар тазартылды. Үйіміз ескі, қар басып қалды. Олар барын салып көмектесуге тырысып жатыр. Бізге, зейнеткерлерге қамқорлық жасап жатқандары үшін алғысымыз шексіз», - дейді қала тұрғыны Людмила Пышина.

Бұған дейін ауа райының қолайсыздығы кезінде еріктілер елорда көшелерінде коммуналдық қызметкерлер мен қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ үлестіргені туралы хабарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен эстафета басталды.

Ақпарат көзі: елорда әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы