419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда 18 жастағы жігіт көліктерді ұрлаған

  • 239
  • UPD: 16:25, 11.12.2020
Таразда 18 жастағы жігіт көліктерді ұрлаған

Тараз полицейлері көлік ұрысын ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Тараз қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Ресей Федерациясында есепте тұрған «ВАЗ» автокөліктерін ұрлағаны үшін Батыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғыны ұсталды. Автокөлік ұрлығы 2020 жылдың қазан және қараша айларында Тараз шағын аудандарында болған.

Ұрланған бір автокөлік Алматы қаласынан, қалған екеуі Түркістан облысынан табылды. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бірнеше рет жасалған бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы