432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавл аумағындағы блокбекеттер алынады

  • 177
  • UPD: 17:54, 11.12.2020
Петропавл аумағындағы блокбекеттер алынады

14 желтоқсаннан бастап, Петропавл қаласының аумағындағы блокбекеттер алынады. Яғни дүйсенбіден бастап өңірде карантин талаптары жеңілдейді.

Қоғамдық көліктердің демалыс күндерде жүруіне рұқсат етіліп отыр. Мұнымен қоса облыстағы барлық автостанция ашылып, аудан, ауылдарға автобустар қатынайды. Діни нысандар, кітапханалар, мұражайлар мен театрлар қайта ашылады. Спорттық нысандар, бассейндер және балаларға білім беру мекемелеріне сенбі күндері жұмыстарын жалғастыруға рұқсат етілді. Өңірде эпидахуал тұрақталып келеді. Қазір облыс «сары аймақта».

Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 9-ынан бастап, қала карантинге жабылып, тұрғындардың ПЦР тест анықтамасынсыз кіріп шығуларына тыйым салынған еді.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда орталықтары мен азық-түлік емес, дүкендер таңғы 10-нан кешкі 22-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ жексенбі күні жабық болады. Сауда орталығындағы супермаркеттер 24:00-ге дейін жұмыс істей алады. Көп нысандар жексенбі күні жұмыс істемейтін болады. Бұған да себеп бар. Облыстағы жағдай қалпына келсе, ауырғандардың саны одан сайын азайса, жексенбілік шектеуді алып тастауды қарастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы