Алматыда биыл жаңажылдық отшашу болмайды, алаңдарға өткен жылғы шыршалар орнатылады.
Шыршалар 16 желтоқсаннан кейін қойылады, деп хабарлады inAlmaty.kz.
Алматы қаласының әкімдігі Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шаралар қалай өткізілетіні туралы айтып берді. Әкімдіктің негізгі бюджеттік қаражаты эпидемиямен күресуге бағытталды, сондықтан жаңа жылға арналған ауқымды іс-шараларға, сондай-ақ жаңа шыршалар мен көшелерді безендіруге ақша бөлінбеді.
Жаңажылдық дәстүрлі отшашу да болмайды.
Сонымен қатар инфекция қаупіне байланысты қаладағы барлық қоғамдық іс-шаралар тоқтатылады. Іс-шаралардың көпшілігі онлайн режимде өтеді.