430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда коронавируске қатысты жағдай тұрақты

  • 187
  • UPD: 20:16, 11.12.2020
Оралда коронавируске қатысты жағдай тұрақты

Коронавирус инфекциясының таралу қаупі жағынан «жасыл аймақтағы» Батыс Қазақстан облысында эпидахуал әзірге бірқалыпты.

Осы аптада өңірде карантин талаптары жеңілдетілген еді. Қоғамдық тамақтану орындары 50 адамға дейін қабылдап жатыр. Базарлар мен сауда үйлері күн сайын ашық. Автобустар демалыс және мереке күндері де жүреді. Тек санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Түнгі сағат 12-ден таңғы 6-ға дейінгі аралықта тұрғындардың көшеге шығуына шектеу қойылды. Желтоқсан айы басталғалы бері аймақта 370 адам  індет жұқтырған. Олардың жартысынан көбі Орал қаласының тұрғындары. Ал Жәнібек және Қаратөбе аудандарында бір де бір жағдай тіркелмеген.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Екі жақты тасымалдау және транзиттік тасымалдаудың арасында өзге елдің көлік жүргізушілері егер де ПТР сынамасы болмаған жағдайда біздің облысымызға кіргізілмейді. 1-10 желтоқсан аралығында мемлекеттік шекарадан 8 мыңға жуық адам өтіп, оның 240-нда анықтама болмай, 3 күнге карантиндік стационарға жатқызылып, бұл жерде ПТР сынамасы алынған болатын. 2 азаматымызда  ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы