414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО: кәсіпкерлік нысандардың жұмысы қайта жанданды

  • 142
  • UPD: 20:22, 11.12.2020
БҚО: кәсіпкерлік нысандардың жұмысы қайта жанданды

Батыс Қазақстан облысында бүгін базарлар мен сауда үйлері жұмысын жалғастырып жатыр.

Жеңілдетілген карантин талаптарына сәйкес демалыс және мереке күндері сауда орындарының жұмысына рұқсат берілген еді. Жәрмеңкелерге қойылған шектеулер де алынып тасталды. Сатушылар мен тұтынушылар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Сонымен қатар бүгін шаһарда шаштараз және сұлулық салондары, фитнес орталықтары ашық. Автобустар да қалыпты жұмыс режиміне оралды. Енді қоғамдық көліктер күн сайын қатынайтын болды. Ал дәмханалар бұрын демалыс күндері тапсырысты тек тұтынушылардың қолына беру немесе мекен-жайға жеткізіп беру қызметтерін көрсетіп келген еді. Қазір ғимаратқа 50 адамға дейін қабылдай алады.

Әдемі Хасанова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Бірақ үстелдердің арасында 2 метр арақашықтық болуы керек және бір үстелдің басында 4 адамнан артық отыруға болмайды. Бірге өткізетін корпоративтер, утренниктер өткізуге тыйым салынған. Тұрғындардан сұрайтынымыз, алда келе жатқан мерекелерді тек қана өздеріңіздің үй ішіңізде отбасыңызбен бірге өткізуді сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы