420,22 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде карантиндік рейд барысында құда күту рәсімі әшкере болды

  • 166
  • UPD: 13:35, 12.12.2020
Семейде карантиндік рейд барысында құда күту рәсімі әшкере болды

Шығыс Қазақстан облыстық бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қазір өңірде той-томалақ өткізуге қатаң тыйым салынған.

Соған қарамастан қаладағы дәмханалар әлі де ереже бұзуда. Мәселен, мына нысанды тексеру барысында иесі бақылау тобын ішке кіргізбей, туыстарымен кешкі ас ішіп отырғанын айтқан. Алайда бір сағаттан кейін мұнда той болғаны анықталды. Енгізілген талаптарды өрескел бұзғаны үшін кәсіпкерге 1600 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал қазан айынан бастап 236 тәртіп бұзу фактісі анықталып, 131 адам жауапкершілікке тартылған екен.

Хабар 24 телеарнасы