430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 14 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

  • 208
  • UPD: 12:07, 13.12.2020
Қазақстанда 14 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда 14 060 адам коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 1049 бала бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram желісінде хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес, осы уақытта еліміздің стационарларында 4 057 науқас жатыр, 10 003 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 234 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 29 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 44 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Хабар 24 телеарнасы