427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада үстел теннисі орталығы мен мұз айдыны салынады

  • 188
  • UPD: 14:51, 14.12.2020
Елордада үстел теннисі орталығы мен мұз айдыны салынады Елорда әкімдігі

Өңірлік инвестициялық кеңесте жеке инвесторлардың есебінен салынатын бірқатар жоба қолдау тапты.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Өңірлік инвестициялық кеңесте жеке инвесторлардың есебінен салынатын бірқатар жоба қолдау тапты. Мәселен, үстел теннисі спорт орталығының құрылысы мен ат спорты кешенінің құрылысы. Онда хоккей мен мәнерлеп сырғанауға арналған жабық мұз айдыны салынады. Бұл тек бұқаралық спорт түріне жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар қысқы спорт түрлері бойынша федерацияларымызды техникалық базамен қолдауға мүмкіндік береді. Спорт федерацияларымен кездесу барысында спортшылар спорт нысандары бойынша, соның ішінде мұзда спортпен айналысу үшін сағаттардың жетіспеушілігі мәселелерін көтерді.

Ат спорты кешенінде иппотерапия сабақтары жоспарланған, бұл ДЦП диагнозы бар адамдарды қажетті сабақтармен қамтуға мүмкіндік береді.

Жұмыс істеп тұрған ипподром базасында ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға арналған ат спорты кешенінің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Кешен жабық манежден, мінбеден, алаңдардан тұрады. Ипподром базасын 3 бағыт бойынша дамытамыз: иппотерапия, ұлттық және классикалық спорт түрлерін өткізу және дайындау. Сонымен бірге туристік маршруттар-атпен серуендеу дамытылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спорт түрін насихаттау үшін бірқатар спорт нысанын ашамыз, кәсіби спорт федерацияларын қолдаймыз, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, скверлер, бульварлар) салып, абаттандырамыз.

Инвестициялық кеңесте ұннан жасалған кондитерлік өнімдер шығаратын зауыттың, білім беру нысандарының және т.б. құрылысын қолдадық. Пандемия кезінде жеке инвестицияларды тарту қарқыны төмендеген жоқ, керісінше артты. Қолдау тапқан жобалар бақылауда, әрбір инвестормен жеке жұмыс істейміз», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы