429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

  • 163
  • UPD: 15:00, 14.12.2020
Жыл басынан бері 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1069 кәсіпорнында 30,8 мың жұмыскер алдында 3,52 млрд теңге жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 731 нұсқама беріліп, 97,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд теңге төленді.    

Аталған кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,9 мың тексеру жүргізді. ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 6,1 мыңнан астам фактісі анықталып, 174,3 млн теңге сомаға айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы