415,57 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысындағы станция құбыр жарылысынан кейін жарық таратуды тоқтатқан жоқ

  • 249
  • UPD: 17:30, 14.12.2020
Қарағанды облысындағы станция құбыр жарылысынан кейін жарық таратуды тоқтатқан жоқ

Қарағанды облысының Абай ауданына қарасты Топар кентінде орналасқан ГРЭС-2-де қазандықтың бу құбыры жарылып, салдарынан бір адам мерт болды. Тағы үш адам ауруханаға түсті.

Топар электр станциясы «Каzakhmys Еnergy» ЖШС-не қарайды. Оқыс оқиға кезінде мұнда шамамен 200-ге жуық жұмысшы болған. Марқұм болған ер адам  1958 жылы туған. Ол көп жылдар осы жерде еңбек еткен тәжірибелі маман болғанын компания өкілдері атап өтті. Ал жарақаттанғандар 45 жастағы әйел мен  49 және 40 жастағы ер адамдар. 

Дәрігерлердің айтуынша, олар 2 және 3-деңгейлі күйікпен түскен. Қазандықтың бу құбыры жарылуынан соң Абай қаласы мен Топар кентін жылу және электрмен қамтамасыз ету тоқтаған жоқ,-деді компания өкілдері. Қазір жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Станциядағы апаттың себебі әзірге зерделеніп жатыр. Арнайы құрылған комиссияның 10 күндік тексерісінен кейін жарияланатын болады. Аталған жайт полицияда тіркелді.

Темірлан Өтегенов, «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС Бас директоры:

- Қайтыс болған кісінің жанұясына түгелдей көмектесеміз. Сол кісінің жанұясында ұжымынан кісілер қасында. Бұл отбасында бір бала бар екен. Ол кісі осы Қарағандыда жұмыс істейді екен. Жолдасына да, бәріне бірдей көмектесеміз. Ауруханада жатқан зардап шеккен адамдарға да түгел көмектесеміз.

Ерік Шонбаев,  Х. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия ауруханасы ахуал орталығының меңгерушісі:

- Станциядағы апаттан зардап шеккендердің екеуі стационарға жатқызылды. Олардың бетін және қолдарын күйік шалған. Қазір тиісті ем-дом көрсетілуде. Өмірлеріне қауіп жоқ. Ал үшінші адамның жағдайы жақсы болғандықтан үйіне жіберілді. Дәрігерлердің бақылауында болады.

Хабар 24 телеарнасы