419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда мереке қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградамен марапатталды

  • 342
  • UPD: 23:13, 14.12.2020

Таразда Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру және денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, мәдениет саласының мамандары бар. Президент Жарлығымен облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет», «Барыс», Екінші дәрежелі «Достық», «Еңбек даңқы» ордендері табыс етілді. Ерен еңбегімен ерекшеленген қарапайым шаруалар да жоғары марапатқа ие болды. Солардың бірі Бауыржан Әбілдаев. Ол ауыл шаруашылығы саласын дамытып, мал басын асылдандыруға күш салып келеді. Бүгінде қазақтың ақбас және қалмақ сиырының тұқымын 6 мыңнан асырған. Шаруа қожалығы 100-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Шаруа Тәуелсіздік мейрамында «Құрмет» орденіне ие болды.

Бауыржан Әбілдаев, «Құрмет» орденінің иегері:

- Тәуелсіздіктің арқасында мынау мал бағып, мал ұстап, ата кәсібімізбен айналысып жатырмыз. Агрофирма Түрікпен 2015 жылдан бері қарай 7 миллиардқа жуық инвестиция құйды Жамбыл облысына. Оның ішінде мал сатып алып жатырмыз. Техника алып жатырмыз. Қоражай салып жатырмыз. Үй салып жатырмыз. Еңбегімізді елеп, осылай марапатталып жатқаныма өте қуаныштымын. Алғысымыз шексіз. Мерекеміз құтты болсын!

Хабар 24 телеарнасы