423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы тауларында табылған ер адам қайтыс болды

  • 243
  • UPD: 09:21, 15.12.2020
Алматы тауларында табылған ер адам қайтыс болды

Алматы тауларында табылған Ерман Байменов қайтыс болды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

ТЖМ мәліметінше Ерман Байменов құтқарушылар таудан түсіргенше қайтыс болған.

«Зардап шеккен азаматты тапқаннан кейін жедел медициналық жәрдемге жеткізгенше бес сағатқа жуық уақыт кетті. Ол табылғанда жағдайы өте ауыр болған. Республикалық шұғыл-құтқару отрядының құтқарушылары сағат 20:45-те зардап шеккен 1985 жылғы азаматты жедел медициналық жәрдемге және ЦМК-ға жеткізді. Олар Құмбелсу өзенінің көпірінде күтіп тұрған. Екінші іздеу-құтқару тобында болған ЦМК дәрігері ер адамның көз жұмғанын анықтады», - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Еске салсақ, үш күннен бері Алматы тауларында жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы