418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұтынушылық тәжірибені жақсарту бойынша e-tutynushy сервисі іске қосылды

  • 103
  • UPD: 10:21, 15.12.2020
Тұтынушылық тәжірибені жақсарту бойынша e-tutynushy сервисі іске қосылды

Пилоттық нұсқа e-tutynushy.kz доменімен тіркелген және қазірдің өзінде әртүрлі сауда және сервистік компанияларда тауарлар мен қызметтердің сапасы бойынша өтініштер жинайды.

Жоба ірі компаниялардың қызметін бақылайды және алдағы уақытта тізім кеңейеді. Пайдаланушылардың пікірлерін ескере отырып, клиенттік тәжірибені үнемі жақсарту процесі жүріп жатыр.

Әдетте, егер сапасыз тауарлар немесе бағаның сәйкес келмеуі анықталса, тұтынушылар сатушыға және сауда нүктесінің әкімшілігіне жүгінеді. Сирек немесе неғұрлым күрделі жағдайларда азаматтар басқа инстанциялардың көмегіне жүгінуді шешеді. Бұл ретте, өтініштерді қарауды бақылау жиі болмайды. е-tutynushy платформасы бұл кедергіні жойды. Сервис өтініштерді қабылдайды және мәселелерді онлайн шешуге бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ сервис барлық ресми шарттар мен мерзімдерді сақтай отырып, офлайн режимде шағым беруге арналған ұйымдардың тізімін қамтиды.

«е-tutynushy - басты міндеті азаматтардың және бизнес өкілдерінің, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттің өмір сапасын жақсарту. Платформа туындаған мәселелерді жедел шешу үшін барлық осы топтар арасындағы байланыс ретінде қызмет етеді. Соңғы он айда Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 18 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Біздің сервис олардың әрқайсысына қысқа мерзімде кері байланыс алуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әсел Әбубәкірова.

Өтініш берудің негізгі шарты – тауарды немесе қызметті сатып алу фактісін растайтын құжаттардың болуы. Мұндай дәлел фискалдық чек, шарт немесе жүкқұжат, сондай-ақ заңды тұлғалардан сатып алуды растайтын кез келген басқа құжат болуы мүмкін.

Сервис Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді. Алдағы жылы географияны кеңейту және оны Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындарына қолжетімді ету жоспарланған.

ҚР СИМ Қоғаммен байланыс басқармасының хабарлауынша, жақында Азаматтық форумда үкіметтік емес ұйымдармен салалық кездесуінде министр Бақыт Сұлтанов тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктерді платформаға қосылуға шақырды:

– Тұтынушылардың жаңа мәдениеті және олардың қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылы бұл – ішкі сауда мен экспортты дамытудағы маңызды мәселе екенін атап өткім келеді – деді ол кезде министр.

Хабар 24 телеарнасы