421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада алдағы мереке күндері сауда үйлері қалай жұмыс істейді

  • 154
  • UPD: 13:26, 15.12.2020
Елордада алдағы мереке күндері сауда үйлері қалай жұмыс істейді

COVID-19 таралуы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл аймақта».

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 47 жағдайы анықталды. Осыған байланысты елорда тұрғындарын демалысты үйде өткізуге және адам көп жиналған орындарға бармауға шақырамыз, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қаладағы жағдай күрделенбеуі, қатаң шектеулерді қабылдамау үшін үйде болып, адам көп жиналатын орындарға бармау және үлкен жиындар өткізбеу керек. Жағдайды тұрақтанбаса, шектеу шаралары күшейтіледі. Тұрғындарды санитарлық нормаларды, карантин режимін қатаң сақтауға шақырамыз. Карантин тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған», - деді Нұр-Сұлтананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Сауда орталығына, дүкендерге барған кезде маска тағу тәртібі мен арақашықтықты қатаң сақтау, санитайзер қолдану керек.

Айта кетейік, сауда үйлері мерекелік демалыс – 16,17,18 желтоқсан күндері әдеттегідей, 19 желтоқсанда 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

«Қарапайым нормаларды сақтау арқылы өзіміздің, жақындарымыздың денсаулығын сақтаймыз. Коронавирус жасқа қарамайды, динамика көрсеткендей, науқастар арасында созылмалы аурулары жоқ жастар да бар. Емделіп шыққандар да коронавирустан толық айықпайды. Инфекция өкпеге ғана емес, бүйрекке, бауырға, жүрекке және миға да әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар өкпеде тіндік фиброз түріндегі ошақтар пайда болады. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін сіз қауіпсіздік шараларын сақтауыңыз керек», - дейді Жанна Пірәлиева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 10 желтоқсаннан бастап елорда COVID-19 таралуы бойынша «қызыл аймаққа» кірді. Ауру барлық жастағы тұрғындар арасында анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы