Өткен тәулікте ел аумағына 14 халықаралық рейспен 923 адам ұшып келді.
Олардың 81-інде ПТР анықтама болмаған. Бұл туралы Санитарлық бақылау комитетінің ресми өкілі хабарлады.
Атап айтсақ, Алматы әуежайында – 42, Нұр-Сұлтанда – 26, Ақтауда 13 жолаушы анықталды. Бұл азаматтардың барлығы тиісті сынама алу үшін стационарлық карантинге жіберілді.