418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 45 әскери қызметші мемлекеттік марапат алды

  • 93
  • UPD: 20:34, 15.12.2020

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Қарулы күштерінің қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар берілді.

Президент Жарлығымен 45 әскери қызметші марапатталды. Сонымен қатар жоғары біліктілігі мен үлгілі қызметі үшін Қорғаныс министрлігінің 14 офицері мерзімінен тыс әскери атақтарын алды. «Салтанатты жиын онлайн форматта өтті», – деп хабарлайды бейінді министрліктің баспасөз қызметі.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР қорғаныс министрі:

– Қазақстан Республикасының Президенті - Қарулы күштердің Жоғары бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен мемлекетіміздің қорғаныс қабілеті ұдайы нығаюда. Бүгінгі күні қуатты да ұтқыр армия еліміздің қол жеткізген жетістіктері бұл халқымыздың бір шаңырақ астында жұдырықтай жұмылған бірлігінің арқасы. 

Хабар 24 телеарнасы