419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттік дәрігерлер жүкті әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырып алды

  • 105
  • UPD: 16:48, 15.12.2020
Шымкенттік дәрігерлер жүкті әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырып алды фото: tengrinews.kz

Аяғы ауыр әйел толғағы жиілегендіктен жедел жәрдем бригадасын шақырған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Дәрігерлер оның жағдайын қарап, тексеріп, перзентханаға апармақ болады. Бірақ ол перзентханаға дейін жетпей, жолда, жедел жәрдем машинасында дүниеге келген.

Одан кейін анасы мен нәрестесін қалалық перинаталдық орталыққа жеткізеді. Акушерлер олардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.

Айта кетейік, жедел жәрдемде босанып алған 23 жастағы Анаргүлдің бұл – екінші жүктілігі. Дүниеге келген қыз баласының салмағы 3 келіден асады.

Хабар 24 телеарнасы