421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы полицейлері пиротехника сататын жерлерге рейд жүргізбек

  • 115
  • UPD: 17:04, 15.12.2020
Алматы полицейлері пиротехника сататын жерлерге рейд жүргізбек

15 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында ТЖД қызметкерлері пиротехникалық өнімдер сатылатын жерлерді тексеретін болады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті сертификатталған пиротехникалық өнімді тек арнайы тексерілген орындардан сатып алуға кеңес береді.

Алматы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев пиротехникалық өнімдердің ішіндегі қолдану шартында отшашуларды қолдануда қанша қашықтықты сақтау қажеттігі жазылуы тиіс екенін айтады. Сонымен бірге маман сатып алмас бұрын тиісті сертификатты талап етуге сатып алушылардың толықтай құқығы бар екенін ескертеді.

Сонымен бірге тұрғындар пиротехника өнімдерін заңсыз сататын жерлерге кез болса, 102 нөміріне хабарласа алады немесе Алматы полициясы бастығының Facebook желісіндегі парақшасына шағымдануға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Жедел жәрдем қызметі жаңажылдық түнде жыл сайын жүзге жуық адам пиротехникалық өнімдерді қолдану салдарынан болған түрлі жарақатпен жеткізілетінін хабарлайды. 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 1 қаңтарына қараған түні Алматыда отшашуларды дұрыс қолданбаудан болған үш өрт тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы