427,07 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда көп балалы отбасы өрттен құтқарылды

  • 226
  • UPD: 17:04, 15.12.2020
Алматыда көп балалы отбасы өрттен құтқарылды

Алматы қаласының учаскелік полиция инспекторлары көпбалалы отбасыны өрттен құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Құтқарылғандар арасында төрт бала бар, олардың кішісі үш жаста ғана.

«Әріптесім, Самат Нұровпен бірге таңертең жұмысқа бара жатқан едік. Жансүгіров көшесінің бойымен келе жатып, жеке сектордан шыққан қою түтінді байқадық. Кері қарай бұрылып, 657-үйге қарай жүгірдік. Монша өртеніп жатыр екен, өрт үйге қарай тарап үлгерген. Ішінде адамдар болды. Олар қатты ұйықтап жатқандықтан, өртті сезбеген. Оларды үйден терезе арқылы алып шыға бастадық. Алдымен балаларды, содан кейін ересектерді шығардық. Отағасы түпкі бөлмеден әжейді шығарды, біз оны терезе алдында күтіп алдық. Сонымен қатар қосымша көмекті де шақырдық. Патрульдік экипаж келіп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялай бастады. Өрттің бір-біріне жақын орналасқан басқа тұрғын үйлерге де таралу қаупі болды. Құдайға шүкір, ешкім зардап шеккен жоқ», – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының учаскелік инспекторы Жайнат Молдағали.

Өрттің шығу себебін мамандар анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы