420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТЖМ пиротехникалық бұйымдарды абайлап қолдануға шақырды

  • 168
  • UPD: 17:30, 15.12.2020
ТЖМ пиротехникалық бұйымдарды абайлап қолдануға шақырды

2020 жылғы 14 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде «Жылыту маусымы және өрт қауіпсіздігі туралы» тақырыбына брифинг өтті.

Спикер болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин сөз сөйледі.

Юрий Ильин өрттің туындауы, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануы қаупін азайту мақсатында ТЖ министрлігі алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Мәселен, халықтың әлеуметтік осал топтарының 118 959 тұрғын үйі есепке алынды. Тұрғын үйлерде 100% аралау жұмыстары жүргізілді, оның барысында 334 469 азаматқа нұсқамалар берілді. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен комиссия құрылып, олар 87 497 үйді аралады.

Сондай-ақ өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі негізінде автономды жылыту жүйелері бар төтенше жағдайлардың туындауына неғұрлым бейім тұрғын үйлер қамтылады.

1 156 185 үйде аралау жұмыстары жүргізілді, 2 410 536 азаматқа нұсқамалар берілді.

Улы газбен уланудан немесе өрттен болған қайғылы салдардың қаупін азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, демеушілік көмек есебінен (2020 жылғы 1 маусымнан бастап) 16 150 датчик сатып алынды және орнатылды, оның ішінде табиғи газ – 6 237, улы газ – 9 028, түтін – 885.

Жылыту маусымы басталғаннан бері (2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап) тұрғын үй секторында 2 768 өрт болды. Оның салдарынан 96 адам қайтыс болды, ал улы газбен улану (өрт туындамай) салдарынан 7 адам қайтыс болды.

Өткен жылыту кезеңінің ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт санының 5,4%-ке өскені байқалады (2019 ж. – 2 625). Өрт кезінде қаза тапқандар саны 11,6% (2019 ж. – 86), қайтыс болғандар саны улы газбен улану салдарынан (өрт туындамай) 53%-ке төмендеді (2019 ж. - 15).

Өрттердің туындауы, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануы қаупін азайту мақсатында ТЖ министрлігі жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ауқымды профилактикалық жұмыс ұйымдастырды.

2020 жылдың басынан бастап ел аумағында пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде 15 өрт болды.

Полиция департаменттерімен бірлесіп пиротехникалық қауіпсіздік бұйымдарын рұқсат етілмеген сату орындары бойынша 33 рейд жүргізілді. Рейдтер барысында кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігінің талаптары түсіндірілді.

222 нұсқама өткізілді (2414 адам қамтылды). 3710 дана үгіт-насихат материалы таратылды. Ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалардың, дәмханалардың, клубтардың иелері болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерімен 3 дөңгелек үстел өткізілді. Онда мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы