418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында мереке күндері базарлар мен ірі сауда нүктелері қызметін тоқтатады

  • 172
  • UPD: 19:57, 15.12.2020
Атырау облысында мереке күндері базарлар мен ірі сауда нүктелері қызметін тоқтатады

Атырау облысындағы эпидахуал көңіл көншітпейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте мұнайлы өңірде 39 адам қауіпті індетке шалдыққан. Әзір облыста карантиндік тәртіп күшейтілген жоқ. Дегенмен, 16-17 желтоқсан, мереке күндері базарлар мен ірі сауда нүктелерінің қызметіне тыйым салынады. Қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік дүкендері және дәріханалар жұмысын жалғастырады. Соңғы екі аптада ауру жұқтырғандар саны артты. Көбі Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасынан анықталды. Кеніштегі блок-бекетті айналып кірмек болған 4 адам ұсталды. Екеуі Ресей азаматы болып шықты. Құжаттарын тексеру барысында үш жолаушының, оның ішінде бір ресейліктің қолында ПТР-анықтамасы болмаған.

Амантай Жұмағалиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

- Қараша айының соңынан бастап күніне 30-40 жағдай тіркеліп отыр. бұл науқастардың көпшілігі, жартысынан астамы Теңіз кен орнында жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың арасынан тіркеліп отыр. Бірақ бұл жердегі науқастардың 80-90%-і симптомсыз түрде немесе жеңіл түрде тіркеліп отыр. Науқастармен байланыста болған жұмысшылар сол жерде карантиндік орындарға оқшауланып, 14 күндік медициналық бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы