420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді

  • 130
  • UPD: 20:01, 15.12.2020
Павлодар облысында карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді

Павлодар облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызылдан» «жасыл» аймаққа енгендіктен, бірқатар карантиндік шектеулер жеңілдетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сала мамандарының хабарлауынша, аймақта эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына байланысты өңірдегі тосқауыл бекеттері алынды. Қалааралық, ауданаралық жолаушылар тасымалы жанданады. Қоғамдық көліктерге қатысты локдаун да алынды. Мереке және демалыс күндері автобустар мен трамвайлардың жұмысы тоқтамайды. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы түнгі 22:00-ге дейін, сауда орындарының жұмысы түнгі 23:00-ге дейін ұзартылды. Аймақта соңғы тәулікте инфекция жұқтырудың 71 дерегі тіркелді. Ақсу қаласындағы қарттар үйіндегі жағдай да тұрақталып келеді. Ауру жұқтырғандардың барлығы медициналық бақылауда. Өлім-жітім тіркелген жоқ.

Ерғалы Асылбек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының орынбасары:

- Бүгінгі күні инфекциялық ауруханалардың жүктемесі 31,9%-ті құрайды. Стационарлық емдеуде 442 адам жатыр. Соның ішінде расталған коронавирустық жағдаймен 366 адам ем алып жатыр. Осы стационарлық емдеуде, соның ішінде 11 бала бар. Амбулаторлық деңгейге тоқталатын болсақ, 1500-ден астам адам амбулаторлық ем алып жатыр. Ақсу қаласындағы қарттар үйіндегі жағдайға тоқталатын болсақ, жалпы бүгінгі күні 84 адам медициналық бақылауда. Оның ішінде 20 қызметкер, 35 қарт адам

Хабар 24 телеарнасы