Аймақта жабық спорттық нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұрғындарға жексенбіден басқа күндері таңғы 08:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жаттығу жасауға мүмкіндік берілді. Бассейндер де жұмыс істейді. Аквапарк, монша, сауда-саттық орындары мен қоғамдық көліктер белгіленген кесте бойынша жұмысын жалғастырады. Өңірде қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс режимі түнгі сағат 23:00-ге дейін ұзартылды. Ал, кинотеатр, ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынған.