420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда кәмелетке толмаған қызды зорлаған жаттықтырушы 14 жылға сотталды

  • 195
  • UPD: 21:02, 15.12.2020
Ақтауда кәмелетке толмаған қызды зорлаған жаттықтырушы 14 жылға сотталды

Ақтауда кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынаста болған жаттықтырушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс 8 мамыр күні тіркелген болатын. Каратэ-додан жасөспірімдер жаттықтырушысы болып қызмет атқарған ер адам жеткіншек қыздың сеніміне кіріп, оның еркінен тыс бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Сот барысында прокурор сотталушыға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші өкілі прокурормен келісті. Қорғаушы тарап сотталушының іс-әрекетінде қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақтауды сұрады. Жаттықтырушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

Гаухар Нұрханова, облыстық соттың баспасөз қызметінің басшысы:

- Сотта анықталған жағдайларға байланысты жаттықтырушы С. ҚР ҚК-нің 120-бабы 3.1-бөлігі 1.2-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына педагогтық, жаттықтырушылық қызметпен айналысуға тыйым салумен бірге 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Хабар 24 телеарнасы