421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда «Менің туым! Менің Отаным!» атты патриоттық акция өтті

  • 236
  • UPD: 21:28, 15.12.2020
Көкшетауда «Менің туым! Менің Отаным!» атты патриоттық акция өтті

Көкшетауда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Менің туым! Менің Отаным!» атты патриоттық акция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің басты рәмізіне деген құрмет ретінде флэшмоб пен автошеру ұйымдастырылды. «Достық» үйінің мұндай бастамасын көрген сол маңайдағы үйлердің тұрғындары да терезелеріне байрағымызды іліп, аталған іс-шараға атсалысты. 10 шақты көлігі бар автокеруен еліміздің туын желбіретіп қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Қаладағы автоклубтар осындай патриоттық акцияларға жиі атсалысып тұрады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастардың белсенділігі қуантады.

Владимир Погребецкий, Еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Жастар – біздің болашағымыз. Тарихты үлкендер жағы ғана емес, өскелең ұрпақ та білуі тиіс. Ал, осындай акцияларды енді жекелеген тұрғындар да өткізе алады. Себебі, туды бейресми қолдануға заңмен рұқсат беріліп отыр. Сондықтан мұндай патриоттық іс-шаралардың көп болғаны жақсы.

Хабар 24 телеарнасы