«Менің Туым, Менің Отаным!» челленджін елордалықтар да қолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шаһар тұрғындары балкондарға ту іліп, құрмет көрсетті. Челленджге оннан аса ұйым қатысты. Жұрт әлеуметтік желіде «Менің Туым, Менің Отаным, Біздің Ортақ Мереке» атты хэштегімен еліміздің туымен байланысты жазбалар, фотосуреттер мен видеоны жариялап, акцияға белсенді қатыса алады.