429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан-Қырғызстан шекарасында 60 келіден астам героин тәркіленді

  • 222
  • UPD: 21:38, 15.12.2020
Қазақстан-Қырғызстан шекарасында 60 келіден астам героин тәркіленді

Қазақ-қырғыз шекарасында героиннің ірі партиясы тәркіленді.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Инспекциялық-тексеру кешені мен «Джек» қызметтік иті арқылы Қырғызстаннан елімізге бағыт алған автокөлік ішінде ірі көлемде есірткі анықталды. Ұсталған азамат Жамбыл облысы Ішкі істер департаментіне жеткізілді. Тәркіленген заттың салмағы – 60 келі 370 грамм. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, кінәлі тұлға абақтыға қамалды. Енді ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы