418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда Тәуелсіздік күніне орай тұрғындарға жаңа баспана берілді

  • 121
  • UPD: 08:25, 16.12.2020
Талдықорғанда Тәуелсіздік күніне орай тұрғындарға жаңа баспана берілді

Талдықорғанда Тәуелсіздік күніне орай «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған 48 үй тапсырылды.

Коттедж қалашығынан бой көтерген баспанаға негізінен дәрігерлер мен мұғалімдер және өзге де бюджеттік сала қызметкерлері «5-10-20» бағдарламасы бойынша қол жеткізді. Мұнда жалпы аумағы 57 мың шаршы метр болатын 620 жеке тұрғын үй салу көзделген. Қазіргі таңда соның тең жартысына жуығы халық игілігіне берілді. Бұл мақсатқа 8,5 миллиард теңге бөлу көзделген. Оның біраз бөлігі жергілікті бюджет қаржысы болса, қалған үйлер жеке инвестиция есебінен салынады. Алдағы жылы мұнда 139 коттеджді пайдалануға беру көзделіп отыр. Соның 96-сы бюджет қаржысына салынса, қалғаны жекелеген инвестиция есебінен бой көтереді.

Жұмабала Балақаранова,  қала тұрғыны:

- Осындай ұлы мерекенің алдында кереметтей адамның көңілін көншітетін мерекенің үстіне мереке болып тұр. Менің тұңғыш немерем неше жылдан бері қарай пәтерден пәтер жалдаған, берекесі кетіп жүрген отбасымен бірге. Бүгін пәтерлі болып жатыр Елбасының арқасында, Президентіміздің арқасында.

Хабар 24 телеарнасы