420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сәтбаев қаласында мерекеге орай архитектуралық композиция пайда болды

  • 122
  • UPD: 08:29, 16.12.2020
Сәтбаев қаласында мерекеге орай архитектуралық композиция пайда болды

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Керуен» деп аталатын архитектуралық композиция пайда болды.

Жол жиегіне орнатылған мүсін өте сәтті шыққан. Бұл жер қазір қала тұрғындарының суретке түсетін сүйікті орнына айналып үлгірді. Композиция жанында балалардың ойын алаңы да бой көтерді. Қазір шағын шаһарда дәл осындай 13 ойын және 5 спорт алаңы салыныпты. Бұған қоса қаланың орталығында Абай аллеясы ашылды.

Айнаш Бегім, Сәтбаев қаласының тұрғыны:

- Маған өте ұнайтын нәрсе Абайдың аллеясын орнатып қойды. Керемет. Ол жерде Абайдың қара сөздері, өлеңдерінен үзінді, кәдімгі адамға ой салатын, адамға алға бір ұмтылыс беретін жақсы, көркем сөздері жазылған. Өте керемет демалыс орыны. Жастарға тәрбие беретін жер деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы