419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында мереке күндері карантин жеңілдейді

  • 136
  • UPD: 11:39, 16.12.2020
Маңғыстау облысында мереке күндері карантин жеңілдейді

Маңғыстау облысында мереке күндері карантин талаптары жеңілдейді. Облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Құжатқа сәйкес, мереке және демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік, азық-түлік емес базарларына келушілер саны 30% - тен аспайтын карантин талаптарын сақтай отырып, қалыпты режимде жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Ғимараттар мен қоғамдық көліктердің ішінде адамдар санитарлық талаптар мен арақашықтықты сақтап, маска тағуы міндетті. Осыған дейін сауда орталықтары мен базарлар жексенбі және мереке күндері жабық болатын. Ал көңіл көтеретін орындардың жұмысына тыйым салынды.

Атап айтқанда, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар, сауда-ойын-сауық орталықтары мен үйлердің жанындағы мұз алаңдары, букмекерлік кеңселердің жұмысына рұқсат етілген жоқ. Сондай-ақ фудкорт пен банкет залдарының жұмысына тыйым салынған. Той, мерекелік кештер, спорттық шаралар мен жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізуге де болмайды. Тек қана тамақтандыру орындарының қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Маңғыстау облысында карантин талаптары мен оның мерзімі эпидахуалға байланысты өзгертілуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы