420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«30 игі іс» аясында мұқтаждарға 500-ден астам азық-түлік себеттері таратылады

  • 95
«30 игі іс» аясында мұқтаждарға 500-ден астам азық-түлік себеттері таратылады

Мейірімділік эстафетасы аясында қамқор азаматтар, оның ішінде кәсіпкерлер, еріктілер, қоғам қайраткерлері мен ұйымдар соғыс және тыл ардагерлері мен мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеттерін жеткізді.

Сондай-ақ елордадағы «30 игі іс» акциясының қатысушылары жалғызбасты зейнеткерлерден үйін қардан тазартуға, үй ішіндегі заттарды ретке келтіруге, үйсіз жануарлар паналайтын жерлерге барлық көмек көрсетуде. Қыста қолайсыз ауа-райында еріктілер көшеде қала тұрғындары мен коммуналдық шаруашылық қызметкерлерін ыстық шай мен бауырсақпен сыйлады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік-қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Эстафетаның басты мақсаты – қала мен оның тұрғындарына жақсылық жасау.

Азаматтар эстафетаға қосылып, өз аккаунттарына #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен ақпарат немесе видео орналастыра алады.

Хабар 24 телеарнасы