421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысы «қызыл аймаққа» өтті

  • 183
  • UPD: 15:56, 16.12.2020
Атырау облысы «қызыл аймаққа» өтті

Эпидемиологиялық ахуал бойынша Атырау облысы бүгін қызыл аймаққа өтті. Мұнайлы өңірде қауіпті індетке шалдыққандардың саны артып, жағдай ушығып барады.

Ауру жұқтарғандардың көбі Теңіз кенішінен анықталып отыр. Соңғы тәулікте облыста 60 адамның коронавирус инфекциясына шалдыққаны белгілі болды. Оның 25-і Атырау қаласынан, 27 науқас Теңіз кенішінен тіркелген. Қалғаны аудан тұрғындарының арасынан анықталыпты. Тіркелген науқастардың он бірінде ауру симптомды түрде өтіп жатыр.

Айта кетейік, мереке күндері мұнайлы өңірде базарлар мен ірі сауда орындарының қызметіне тыйым салынады. Десе де, қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік дүкендері, дәріханалар жұмыс істей береді.

Хабар 24 телеарнасы