420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавл «Менің туым, менің Отаным!» акциясына үн қосты

  • 110
  • UPD: 15:03, 16.12.2020

«Менің туым, менің Отаным!» акциясына петропавлдықтар да үн қосты.

Көп қабатты үйдің тұрғындары көк байрағымызды терезе мен балкондарына іліп, көпшіліктің назарын аударды. Әсіресе жастар белсенді. Олардың айтуынша, ел рәміздері халықтың басты байлығы. Акцияның басты мақсаты да осы - адамдарды отансүйгіштікке баулу.

Ділнәз Марат, қала тұрғыны:

- Көк туымызды үйімнің балконына іліп қойдым. Меніңше, мемлекеттік рәміздерді әр қазақстандық құрметтеуі тиіс. Бұл челлендж біздің патриот екенімізді көрсетудің бір жолы.

Хабар 24 телеарнасы