421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада полицейлер қан тапсырды

  • 130
  • UPD: 15:02, 16.12.2020

100-ден астам қызылордалық полицей қан тапсырды. Тәртіп сақшыларының арасында көп жылдан бері донор болып жүргендер де бар.

Солардың бірі жергілікті полиция бөлімінің аға инспекторы Азат Даулетов. Ол 7 жылдан бері қан тапсыруды үрдіске айналдырған. Бүгінде қан орталығында 3 реттен артық қан тапсыратын тұрақты донорлар саны 200-ден асады.

Ермек Ысқақов, қалалық полиция басқармасының бастығы:

- Полиция жұмысы күнделікті қауіп-қатермен байланысты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері дертке тап болған азаматтардың уақыты көмек көрсетуге қаншалықты маңызы бар екенін басқалардан жақсы білеміз. Полиция қызметкерлері арасынан еркіті донорлар саны жылдан жылға көбеюде. Қалалық полиция басқармасының жеке құрамы осындай қайырымдылық іс-шараға өз үлестерін қосуға әрдайым дайын.

Хабар 24 телеарнасы