419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-дағы ауылда 40 пәтерлі үй қолданысқа берілді

  • 99
СҚО-дағы ауылда 40 пәтерлі үй қолданысқа берілді

СҚО-дағы Бескөл ауылында 40 пәтерлі үй берілді.

Бұл жолы Екінші дүниежүзі соғысының ардагерлері, көпбалалы аналар алды. Осы қатарда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар да бар. Жалпы биыл кезекте тұрғандар үшін 7 көпқабатты үй тұрғызылды. Келер жылы аймақта 4 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілуі тиіс.

Бағжан Құрбанбекова, Бескөл ауылының тұрғыны:

– 2008 жылдан бастап кезекте тұрып, міне, қолым пәтерге жетіп отыр. Осы уақытқа дейін пәтерде тұрып, қиналып едік. Осы қуанышымыз қойнымызға сыймай, пәтерге ие болып жатырмыз. Көптен көп рақмет. Бескөлдің орталығынан алғанымызға өте қуаныштымыз. Балаларымыздың мектептеріне, балабақшасына және жұмысқа да жақын.

Хабар 24 телеарнасы