16 желтоқсан – бүкіл түркі дүниесі үшін қасиетті күндердің бірі.
Түркияның «Жақсы» партиясының жетекшісі Мерал Ақшенер осылай дейді. Оның айтуынша, түркі халқының тарихи болмысы – еркіндік.
Мерал Акшенер, «Жақсы» партиясының жетекшісі:
1991 жылғы 16 желтоқсан – бүкіл түркі дүниесі үшін қасиетті күндердің бірі. Бауырлас Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жариялауы тарихи факт болды. Өйткені көк бөрінің мақсат-мұраты осы. Қазақтың ақыны Сүйінбай Аронұлы былай дейді:
Бөрі басы – ұраным,
Бөрілі менің байрағым.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым!
Қожа Ахмет Ясауидің ұлы мирасы және Ұлы даладағы көк бөріге сәлем жолдап, ел президенті Қасым- Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.