419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандық белсенді жастар 20-дан астам ғимарат пен тұрғын үйге көк туымызды ілді

  • 130
  • UPD: 18:15, 16.12.2020
Түркістандық белсенді жастар 20-дан астам ғимарат пен тұрғын үйге көк туымызды ілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан қаласында «Менің туым – менің мақтанышым» атты акция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық Жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен ұйымдастырылған шара барысында белсенді жастар шаһардағы 20-дан астам ғимарат пен тұрғын үйлерге және алаңдарға мемлекетіміздің басты нышаны – көк туды ілді. Акцияның басты мақсаты – жастар мен қала тұрғындарының патриоттық сезімін оятып, елдің еңсесін көтеру. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең сезініп, өз туымызды мақтан етуге шақыру. Сондай-ақ Тәуелсіздікті қорғауда Қазақстан халқын бір тудың астына жиналуға үндеу дейді шараны ұйымдастырушылар. Жалпы акция аясында 300-ден астам ту ілінді.

Бақытжан Дүкенбай, облыстық жастар орталығының қызметкері:

– Мемлекеттік рәмізіміз – туымызды жеке тұрғын үйлерде, ғимараттарда ілуге рұқсат етіліп отыр. Бұл дұрыс шешім деп қабылдаймыз. Өйткені, әрбір қазақ, әрбір қазақстандық азамат өз туын мақтаныш етіп, өзінің төріне іліп қойса, бұл мақтанарлық, құптарлық іс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы