426,94 518.00 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атқа қонған қостанайлықтар мемлекеттік ту шеруін ұйымдастырды

  • 285
  • UPD: 19:46, 16.12.2020
Атқа қонған қостанайлықтар мемлекеттік ту шеруін ұйымдастырды

«Менің туым – менің елім» акциясы аясында қостанайлықтар атқа қонып, мемлекеттік ту шеруін ұйымдастырды.

Іс-шара әнұранның сүйемелдеуімен орталық алаңда өтті.

Атқа мінген ұлттық киімдегі жігіттер халықтың назарын бірден өздеріне аударды. Заречный кентінің ипподром қызметкерлері акцияны қолдап, қатысушыларға ең жүйрік деген 10 сәйгүлікті ұсынды. Бір шақырымға созылған шеру кезінде барлық санитарлық талап сақталды. Мұндай ерекше көріністі күні кеше Жангелдин ауданының тұрғындары алғашқы болып тамашалаған. Енді Амангелді ауданы да дәл осындай шеру өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы