419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында бірнеше нысан ел игіліне берілді

  • 193
  • UPD: 19:46, 16.12.2020
Түркістан облысында бірнеше нысан ел игіліне берілді

Түркістан облысының Төлеби ауданында Тәуелсіздік күніне орай бірнеше нысан ел игіліне берілді.

Әсіресе «Абай аллеясының» ашылуы тұрғындарды ерекше қуанышқа бөледі. Ұлы ақынның еңселі ескерткіші орнатылған аумақта балалардың ойын алаңдары мен дене шынықтыруға арналған құрылғылар да қойылды. Сонымен қатар Достық елді мекеніндегі №16 мектеп қайта жаңғыртылып, қосымша ғимаратпен толықты. Аудан орталығы Леңгір қаласында 47 отбасыға пәтер кілті табыс етілді. Баспаналы болғандардың дені – әлеуметтік жағынан осал топқа жататын азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер. Қазіргі таңда Төле би ауданы бойынша 4 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр. Келесі жылы өңірде 20 пәтерлік 9 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. 180 отбасы тұрғын үймен қамтылуы тиіс.

Ұмсын Болатбекова, Төле би ауданының тұрғыны:

– Қанша жыл жұмыс істедік. Сол жұмыстың арқасы шығар. Кезекке 2005 жылы тұрғанмын, 9 жылдан соң алдық. 5 баланың анасымын. Рақмет айтамын.

Қамбар Мәдиев, мердігер мекеме басшысы:

– Нысанды біз 3 айдың ішінде бітіріп шықтық. Бұл нысан қиындау болды. Бұрын жарамай қалған ғимарат еді. Соның барлығына өз күшімізді қостық, Үкімет те жәрдем берді. Сапаға 3 жылға дейін кепілдік бар.

Хабар 24 телеарнасы