426,94 518.00 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысан ашылды

  • 362
  • UPD: 21:12, 16.12.2020

Таразда Тәуелсіздік күні әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысан пайдалануға берілді.

Қаланың халық тығыз орналасқан аудандарында спорт кешендері бой көтеріп, жұртқа мерекелік тарту жасалды. Азық-түлік бағасын тұрақтандырып, нарықты бақылау бағытында 9 әлеуметтік дүкен ашылды. Мерекеде жаңа мектеп есігін айқара ашты.

Мейрамда екі бірдей спорт кешені пайдалануға берілді. Олардың әрқайсысында бір мезетте 300-ге тарта адам жаттыға алады. Нысан мемлекеттік бағдарламаның аясында тұрғызылған. Заманауи кешенде спорттың жеті түрімен шұғылдануға мүмкіндік бар.

Оразалы Ермекбай, жаттықтырушы:

– Бесінші мөлтек аудандағы жас балалар бос уақытын спортпен өткізуге өте тиімді.

Биыл аймақтың шалғай ауылдарында осындай 13 спорт кешені салынды. Жалпы өңірде бұқаралық спорт дамып келеді. Бұл бағытта жыл басынан бері 92 спорт алаңшасы ел игілігіне берілген.

Нұрбол Жүнісбеков, облыстық спорт басқармасының басшысы:

– Спорт кешендері еліміздің денешынықтыру және спортпен шұғылданатын адам санын көбейтуге септігін тигізетін бірден бір нысан. Қазіргі таңда Жамбыл облысында спортпен шұғылданушы адам саны 32,2 процентке жетіп отыр.

Мерекеде мың оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік дүкендер ашылды. Мұнда негізгі деген азық-түліктің 19 түрі нарықтан 30 процентке дейін төмен бағамен саудаланады.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев

Хабар 24 телеарнасы