418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда 180 отбасы баспаналы болды

  • 109
Оралда 180 отбасы баспаналы болды

Жыл санап көркейіп келе жатқан Зачаганск кентінде 9 қабатты тұрғын үй бой көтерді.

Мереке күні балкондарына еліміздің көк туы ілініп, қастерлі мереке айшықтала түсті. Баспана құрылысына «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 2 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Пәтерлер банк салымшыларына кезек тәртібімен табыс етілді. Қала тұрғындары ғана емес, ауылдағы бірнеше отбасы да үйлі болды. Нысан коммуналдық желілермен толық қамтылған. Ауланы абаттандыру, автотұрақ пен балалар ойын алаңын салу жұмыстары келесі жылы жалғасады. Биыл жыл соңына дейін тағы 4 көпқабатты тұрғын үй тапсыру жоспарланған.

Ринат Алдоңғар, қала тұрғыны:

– Қаратөбе ауданында 7 жылдан бері осы кезге дейін кезекте тұрдым. Екі қызым бар. Қаратөбе мектеп-гимназиясында жұмыс істеймін. Тәуелсіздік күнінде үйге, қонысқа кіргеніме қуаныштымын.

Оралда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Аграрлық университет жанынан ашылған ғимаратта студенттермен қатар кез келген тұрғын да жаттыға алады. Нысан манеж үлгісінде салынған. Спортпен кәсіби түрде шұғылданып жүрген студенттер бұған дейін университет ғимаратының жертөлесінде жаттығатын. Жобаға 229 млн теңге жұмсалды. Спорт кешенінде футбол мен волейбол және жеке жаттығу залдары бар. Медициналық пункт те қарастырылған.

Асқар Наметов, университет ректоры:

– Біз орын босатамыз, түске дейін, түстен кейін келсе де, шұғылдануға болады. Айта кетейік, біздің тағы 2 залымыз бар спортқа арналған. Сол жерге 7,8,9,10 жасар балалар 4 топ болып келіп, шұғылданып жүр.

Асхат Әбдуайс, студент:

– Мен өзім волейбол спортымен айналысамын. Бұл жаңа зал ескі залға қарағанда көлемі жағынан үлкен.

Хабар 24 телеарнасы