426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Анкарада көк Туымыз желбіреді

  • 328
  • UPD: 12:00, 17.12.2020

Анкарада Қазақстан жалауы желбіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көк туымыз түрік астанасының қақ ортасында орналасқан Түркия Палаталар және Биржалар одағының ғимаратының қасбетінен көрінді. Қос ғимараттың бірі қазақ байрағын, екіншісі түрік туын бейнеледі. Бұл көріністі жұртшылық екі елдің ынтымақтастығына балап, мызғымас достығына теңеді.

Айта кетейік, ұлы мереке Түркияда кеңінен аталып өтті. Ел басшылары, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері ресми парақшаларында арнайы құттықтаулар жариялап, жүрек жарды тілектерін білдірді.

Мевлүт Чавушоғлұ, Түркия Cыртқы істер министрі:

- Дос әрі бауырлас ел Қазақстанды Nәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін жариялағанда алғашқы мойындаған мемлекет Түркия болды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшымыз Ердоғанның төрағалығында қарым-қатынастарымыз стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті. Қазақстанмен ынтымақтастығымызды ортақ тарих, тіл және мәдениет тұрғысынан нығайтып келеміз. Тәуелсіздік әрқашан жолыңызды жарық етсін.

Хабар 24 телеарнасы