426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Меркі ауданының тұрғындары Тәуелсіздік күні ерекше шара ұйымдастырды

  • 186
  • UPD: 09:21, 17.12.2020
Меркі ауданының тұрғындары Тәуелсіздік күні ерекше шара ұйымдастырды

Жамбыл облысы Меркі ауданының тұрғындары Тәуелсіздік күні ерекше шара ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті құсбегілер, еріктілер, спортшылар еліміздің көк туын  желбіретіп, Меркі ауылының орталық алаңымен жүріп өтті. Мерекелік шараны ауыл жастары Тәуелсіздік шеруі деп атаған. Әсіресе, тұлпар мініп, қолдарына қыран ұстаған құсбегілер мейрамға ерекше көрік беріп, жұртты бір серпілтіп тастады. Патриоттық әндер қойылып, автошерушілер де қосылды. Шара барасында санитарлық талаптарды орындау мақсатында волонтерлер тұрғындарға тегін бетперде мен антисептикер таратты.

Бағдагүл Сәрсенова, Меркі ауданының тұрғыны:

- Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын деген ұранмен шеру жүріп өттік. Бұл шеруге Меркі ауданының тұрғындары да кереметтей өздерінің жылы лебіздерін, қолдауларын білдіріп, бізге қолдау көрсетті.

Берік Бегалиев, Меркі ауданы әкімінің орынбасары:

- Мақсатымыз – еліміздің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнін насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру. Еліміз осы Егемендігіміздің негізгі нышандарының бірі болып табылатын мерекені баршы сән-салтанатпен қарсы алу керек. Елдің көңілін көтеріп, патриоттық әндердің арқауында жақсы көңіл-күй сыйлау негізгі мақст болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы