429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдың Айға ұшқан аппараты Жерге сәтті оралды

  • 182
Қытайдың Айға ұшқан аппараты Жерге сәтті оралды

Қытайдың «Чанъэ-5» ұшқышсыз ғарыш аппараты Айдың топырағын жинап, Жерге сәтті оралды.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. Капсула Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы Хошун (әкімшілік бірлік) Сыцзыван аумағына қонды. Капсула Жерге шамамен 2 кг ай топырағын жеткізді.

Чанъэ-5 зонды бастапқыда 2017 жылдың қараша айында іске қосылуы керек еді, бірақ 2017 жылдың шілдесінде Чанчжэн-5 зымыран тасығышының апатына байланысты миссия кейінге қалдырылды.

Қытайдың Айды зондтау бағдарламасы үш кезеңнен тұрады: Жер спутнигінің айналасында ұшу («Чанъэ-1» және «Чанъэ-2»), Айға қону («Чанъэ-3» және «Чанъэ-4») және Айдан Жерге оралу («Чанъэ-5» және «Чанъэ-6»). Бірінші және екінші кезеңдер аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы